18:51, 15 Маусым 2018 | GMT +5
ҚР Президенті Ресей мен Татарстанды АХҚО жұмысына қатысуға шақырды
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазан федералдық университетінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Астана Халықаралық қаржы орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«2017 жылы «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін сәтті өткіздік. Енді сол көрменің орнында келесі айдан бастап Астана Халықаралық қаржы орталығы ашылады. Ол әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының үздік модельдерін қамтыған», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің айтуынша, АХҚО ағылшын тілінде ағылшын құқықтары негізінде қызмет жүргізеді.
«Бүгінгі таңда ірі халықаралық қаржы орталықтары тіркелді. Шанхай биржасы және Американың NASDAQ биржасы да оның қатысушысы болып табылады», - деді Елбасы.
«Ресейді де, Татарстанды да осынау маңызды шараға қатысуға шақырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.