ҚР Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Өзбекстанға барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Ташкентке Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін барды.

Сондай-ақ, сапар аясында шетел мемлекеттері көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар