ҚР Президенті ШЫҰ үкiмет басшыларымен кездесу өткiзедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ үкiмет басшыларымен ұжымдық кездесу өткiзедi. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз қызметшiсi Әсет Мұқажанов мәлiм еттi.
None
None

«Бүгiн Ақордада Елбасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының үкiмет басшыларымен ұжымдық кездесу өткiзедi. Сондай-ақ, бүгiн Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев елiмiздiң бiрқатар азаматтарына мемлекеттiк наградалар тапсырады және Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты жиынға қатысады», - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, бүгiн Астанада ШЫҰ үкiмет басшыларының кездесуi өтедi деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар