ҚР Президенті Сирияға ИЫҰ арқылы гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақордадан мәлім еткендей, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Бүгін Қ.Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндаған болатын.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкнісі Сирия елінде де сезілді.

Соңғы мәліметке сәйкес, зілзала салдарынан түрік елінде 12 391 адам көз жұмды, 62 914 адам жарақат алды.

Ал Сирияда соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 2,8 мың адам қаза болды, 5 мыңнан астам адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар