ҚР Президенті Ташкентте өтетін ШЫҰ-ның кезекті отырысына қатысуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанды Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Өзбекстанды Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Өткен аптада, 11 наурызда екіжақты ынтымақтастық жөнінде бірлескен үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысы өтті. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Қазақстан-Өзбек қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығарады деп сенемін»,- деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екі елдің тиімді ықпалдасуға мүмкіндігі бар екендігін баса айтты.

«Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов мырзаның Қазақстанға соңғы сапары аясындағы келісімдер бойынша мен де Ташкентке өз сапарымды ұйымдастырамын деп сенемін. Маусым айында Ташкентте өтетін ШЫҰ кезекті отырысына қатысуды жоспарлап отырмын», - деді Н.Назарбаев .

Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президентіне БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Израиль Елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Таиланд елшісі Нат Пиньоваттаначип сенім грамотасын табыс еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар