ҚР Президенті ҰҚК басшысына «ЭКСПО-2017» көрмесінде қауіпсіздікті бақылауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар