ҚР Президенті: Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.
None
None

Президент күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленіс, бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес, гибридті қақтығыстардың таралуы ұлттық қауіпсіздікке жаңа сын-қатерлер қаупін төндіретінін айтты.

Мемлекет басшысының пікірінше, қарқынды жаһандану мен жаппай технологиялық төңкеріс елдер арасындағы шекараның ашық болуына әкеп соқтырды. Мемлекеттердің бір-біріне тәуелділігі артады және мұндай жағдайда Қазақстанның ақпараттық және әлеуметтік-мәдени кеңістігіне сыртқы күштердің ықпалы күшейе түседі.

– Алдымызда мемлекеттік және қоғамдық институттардың орнықты әрі тиімді жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Қаңтардағы қасіретті күндерде Комитеттің бірқатар басшыларының намыссыздығы мен сатқындығына қарамастан, көптеген офицерлеріміз өз анттарына адал болып, батыл әрекет етті, нағыз ерлік көрсетті. Өзге елдерде жуырда болған ауқымды қақтығыстар тұрақтылық болмай, орнықты даму мүмкін емес екенін тағы да бір көрсетіп берді. Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы. Арнаулы қызметтер жұмысының табысты болуы мемлекеттердің ішкі саяси тұрақтылығына ғана емес, сондай-ақ олардың орнықты экономикалық дамуына айтарлықтай дәрежеде байланысты, – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар