ҚР Президенті жанынан дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалуын бақылайтын қоғамдық комиссия құрылуы қажет - Әділет партиясының өкілдері

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еліміздің 2009-2010 жылдарға арналған қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін жасалған арнайы шаралар жоспары еліміздің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға, елдің дамуындағы ішкі қаржы көздерін бір жерге шоғарландырудағы
None
None
мемлекеттің рөлін арттыруда нақты және конструктивті шараларды қамтыған. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Әділет» партиясы өз мәлімдемелерінде осылай атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Партия өкілдерінің айтуынша, жоспарда орындалуы тиіс шаралардың техникалық аспектілеріне баса көңіл аударылған, сондықтан өзгерістер енгізілуі керек. Өйткені, дағдарыс одан әрі теріс бағытта дами беретін болса жоспар өздігінен жарамсыз болып қалмақ.Олар дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау мен жүзеге асыруда шұғыл әрекеттер болмай отырғандықтан жағдай ушығуы мүмкін деген пікірде. Мәселен АҚШ, Германия, Ұлыбританияда банк пен компанияларды мемлекеттік қолдау туралы саяси шешім қабылдағаннан кейін оны іске асыру мерзімі санаулы күндерді ғана құрады, бұл бізге де қажет. Ал дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруда жеке топтар мен тұлғалар мүдделері елдік мүддеден асып кетпеуі тиіс. Бұл бағытта «ҚР Президенті жанынан дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалуына байланысты танымал қоғам қайраткерлері, сарапшылар, түрлі партия өкілдерінен құралған қоғамдық бақылау комисиясы құрылуы қажет», деген әділеттіктер бұған дейін өздерінің дағдарысқа қарсы күрес жобасын жасағанын мәлім етті.
Соңғы жаңалықтар