ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл облыстық филиалы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 желтоқсанда Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы ашылды. Осыған байланысты өңірлік филиалда алғашқы брифинг өтті.
None
None

Брифингте Жамбыл облысының өнеркәсібі мен кәсіпкерлігінің даму жағдайы сөз болды.

Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мадиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында облыстың өнеркәсібінде 242,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Облыста индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бағдарлама іске асырылған төрт жыл ішінде 143,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлес 15,8% (пайызды) құраған.«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы табысты іске асырылып, жұмыспен қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Брифингке республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. .

Соңғы жаңалықтар