ҚР Президентінің Францияға жасайтын сапары барысында бірқатар маңызды бизнес-келісімшартқа қол қойылады деп күтеміз - Франсис Этьен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен Қарағанды қаласында кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлады Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесуде өнеркәсіп, медициналық қызмет көрсету, бизнес-консалтингті дамыту және инженерлік сала мамандарының кәсібилігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Франция Қазақстанмен бизнес әріптестікті дамытуға ынталы. Биылғы жылдың қараша айында біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парижге келуін күтіп отырмыз. Бұл маңызды оқиға, соның аясында біз университеттік және зерттеу ынтымақтастығы саласында келісім орнатуды, сондай-ақ бірнеше маңызды бизнес-келісімшарттар жасалады деп күтіп отырмыз», - деді Ф. Этьен. Кәсіпкерлер дипломатқа өз компанияларын таныстырды. Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Серік Санаубаев аймақ туралы баяндады. «Швейцариялық әріптестердің көмегімен әсіресе, француз әріптестерімен серіктестік қатынастарды ретке келтіруге ниетті бизнесмендер үшін визаларды беру процедурасын жеңілдетпекпіз. Ол үшін ел аймақтарында виза орталықтарын құру мәселесін көтеріп отырмыз», - деп хабарлады Ф. Этьен.

Соңғы жаңалықтар