ҚР Президентінің Іс басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруін жетілдіруге бағытталған курс басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің Іс басқармасы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жетілдіруді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Іс басқарушысы А.Дәдебаевтың ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.
None
None

«Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу әр азаматтың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі десек артық емес. Осы орайда, Президенттің Іс басқармасы жүйесінде кадрлардың әлеуетін көтеру үшін мемлекеттік тілді үйрету және деңгейін жетілдіру курсы ашылғанына тоқталғым келіп отыр.

Ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлеріне арналған курс Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында өтеді. Мұнда мемлекеттік тілді базалық деңгейде біліп қана қоймай, іскерлік қазақ тілін жетілдіруге күш салынатынын айта кету керек.

Жалпы, бұл жоба әріптестеріміздің тарапынан қолдау тапты деуге болады. Аз уақыт ішінде 22 ведомстволық мекеменің 700 қызметкері қатысуға тілек білдіргені осыны көрсетіп отыр»,-делінген хабарламада.


Сондай-ақ онда мәселені жан-жақты қарастыру үшін ҚазТест жүйесі арқылы мамандардың тілді білу деңгейі анықталып, сәйкесінше бағдарламалар таңдалған.ы айтылады. Алдағы қыркүйектен бастап алғашқы топтағы 200 адам оқуды бастауға тиіс. Қызметкерлерге ыңғайлы болуы үшін сабақ орталық орналасқан ғимаратта ғана емес, әр кәсіпорынның базасында да аптасына 3 рет өтеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда іс қағаздарын қазақша жүргізуге ден қойылып отырғаны мәлім.

«Осы орайда, қазақ тілі курстарында алған білімдеріңіз бен меңгерген машықтарыңыз жұмыс барысында қарым-қатынас жасауға, қызмет аясындағы міндеттеріңізді сапалы атқаруға, кәсіби тұрғыда дамуға көмектеседі деп сенемін»,-делінген ақпартта.


Соңғы жаңалықтар