09:08, 21 Қазан 2021 | GMT +6
ҚР Президентінің Қарағанды облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Қарағанды облысының жұмыс сапарының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Видеоны ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында жяриялады.
Айта кетейік, кеше 20 қазан күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.
Мемлекет басшысы алдымен Жезқазғандағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын көрді.
Сондай-ақ Президент Қарағанды облысындағы полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысты.
«Қазақмыс коропорациясы» ЖШС-ның жұмыс жоспарымен танысты.
Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап көрді.