ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.Тәжин құқықтық статистика және арнайы есепке алудың атқаратын орнына арналған кеңес өткізді

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.Тәжин Бас прокуратурада Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Ішкі істер Министрі Қ.Қасымовтың, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі А.Шпекбаевтың, Президент Әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының басқа да жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және арнайы есепке алудың атқаратын орнына арналған кеңес өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетінің төрағасы Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетінің талдамалы және ақпараттық-болжамдық жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдануының нәтижелері туралы баяндады. Қылмыстық жағдайдың үрдісі неғұрлым жетілдірілген превентивті құқық қорғау шараларын қабылдау үшін бүкіл құқық қорғау блогының күштерін шоғырландыру қажеттігін білдіретінін аса атап өтілді.

Қоғамдағы құқықтық құбылыстың барынша көп спектрлары туралы ең толық және расталған құқықтық ақпараттарға ие заманауи ақпараттық технологиялар жұмыстағы аса маңызды тірек болып табылады, оны заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне дер кезінде және шебер қолданудың маңызы зор.

Қоғамдағы құқықтық құбылыстың барынша көп спектрлары туралы ең толық және расталған құқықтық ақпараттарға ие заманауи ақпараттық технологиялар жұмыстағы аса маңызды тірек болып табылады, оны заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне дер кезінде және шебер қолданудың маңызы зор.

Комитет бір интеграцияландырылған деректер банкіне біріктірілген арнайы есепке алудың 13 түрі жүргізуды қамтамасыз етеді. Олардың арасында сондай-ақ террористік қызметті жүзеге асырғаны және сот террористік деп таныған қызметті ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар туралы; экстремизм үшін және сот экстремистік деп таныған қызметті ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар туралы мәліметтер де бар.

Өзектілікті және құқықтық талдауды ескере отырып, жаңа мәліметтер де қалыптастырылуда. Осы жылы мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдарды есепке алу енгізілді. Келешекте кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау, ЖКО және онда зардап шеккендердің есебін жүргізу жоспарланып отыр.

Қолдағы құқықтық ақпараттар 43 түрлі статистикалық есептемелер есебінен ұдайы толықтырылып тұрады. Олардың барлығы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде Бірыңғай бірегейлендірілген статистикалық жүйеге енгізілген.

Енді, құқық бұзушы туралы толық ақпарат алу үшін құқық қорғау органдары бір электрондық сауал жіберсе болды, лезде жауап ала алады. Бұл ретте, қазіргі заманғы құқықтық статистика құқық қорғау органдарын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағыттау үшін талдау және болжау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Қатысушылар Комитеттің арнайы есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру және қылмыстық-құқықтық статистика қалыптастыру жөніндегі жұмыстарымен танысты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.Тәжин құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін құқықтық статистика жүйесіндегі инновациялық жобаларды іске асыру нәтижелеріне оң баға берді. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын пәрменді қорғау бойынша дер кезіндегі шараларды болжауға және қабылдауға бағытталған ақпараттық-талдау жұмыстарын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар