ҚР Президентінің көмекшісі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұрат Әбуғалиұлы Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», - делінген құжатта.

Ол 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрі Хатшылығының жетекшісі, ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары, басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Азия жәнеАфрика департаментінің директоры, ҚР Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдан жаңа тағайындауға дейін Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі болған.

Соңғы жаңалықтар