ҚР Президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев қызды болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айсұлтан Назарбаев қызды болды. Бұл туралы ол бүгін өзінің Facebook-тағы парақшасына жазды.

«Достар, өмірімдегі ең керемет күнімді сіздермен бөліскім келеді. Кеше менің зайыбым маған қыз сыйлады. Тұңғыш баланы күту - ештеңемен теңеуге келмейтін әлемдегі ең бақытты сәт. Бұл ұлы Жаратушымыздың бізге тарту еткен ерекше сыйы, сол үшін мың да бір алғыс дегім келеді. Кез келген адам сияқты менің де өмірдегі ең басты құндылығым - отбасым. Осы сәтті көруді нәсіп еткен Аллаға шүкір. Сүп-сүйкімді қыз бала дүние есігін ашты», - деп жазды А. Назарбаев.

null  

Айсұлтан Назарбаев - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, ҚР вице-Премьер-министрі РК Дариға Назарбаеваның екінші ұлы.

Соңғы жаңалықтар
telegram