09:57, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
ҚР Президентінің Өкімімен ҚХА-ның жиырмасыншы сессиясы 24 сәуірде шақырылатын болды
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын шақыру туралы» Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда