ҚР Президентінің ҰҚК Шекара қызметінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы Жарлығы шықты

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 528 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже ;
2) Комиссия құрамы ;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы
Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев