ҚР Президентінің Жарлығымен Б. Сұлтанов Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б. Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б.Т. Сұлтановты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша

№ 684

Соңғы жаңалықтар