09:22, 10 Шілде 2009 | GMT +5
ҚР Президентінің Жарлығымен жаңа сот төрағалары тағайындалды
КӨКШЕТАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола облысы аумағында жаңа сот төрағалары тағайындалып, өз міндеттерін атқаруға кірісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы Жарлыққа сәйкес Сабыр Мұқашев Шортанды аудандық сотының төрағасы міндетінен босатылып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағалығына, Әділет Ермеков Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Шортанды аудандық сотының төрағалығына тағайындалды.