ҚР Президентінің жолдауы адамдардың мәселелері мен мүдделерін шешуге арналған
Жолдау әлеуметтік бағытта айтылған және азаматтарымыздың жағдайын жақсарту үшін қажетті шаралардан құралады», - дейді бүгін Павлодарда бас қосқан облыс белсенділерінің отырысында аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Б.Сағынтаев еліміздегі әлеуметтік жағдайды арттырудың негізі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болып табылатындығын атап өтті. Облыс бойынша жаңа өндірістерді құруға, кәсіпорындарды қайта жаңғырту мен техникалық қамтамасыз етуге бағытталған 67 инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Павлодар облысында білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылық өнімін, еңбекпен қамтуды дамытудың бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің кең ауқымды екенін атап өткен кеңеске қатысушылар олардың жүзеге асырылу шынайылығына тоқталды.