ҚР Президентінің Жолдауы әркім үшін бағдар ? Қазақстан халқы Кіші Ассамблесының мүшесі

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президентінің «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауында әр азамат үшін бағдар белгіленген, деп атап өтті Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының мүшесі, еврейлер мәдениеті Қарағанды орталығының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский.
None
None
«Біз ашық және гүлденген мемлекет құрудамыз, сондықтан да, оның келешегі үшін әркім өз орнында жауапкершілікті өзіне алуы тиіс», - деді ұлттық-мәдени орталықтың жетекшісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Президенттің Жолдауынан мен өзіме маңызды деп танығаным, мемлекет әлеуметтік бағытта ұстанған өз саясатынан бір адым да шегінбейді, дағдарыс белең алғын қиын кезеңде өз азаматтарын далаға тастамайды. Бұл жай ғана сендіру мен тыныштандыру емес, - деп пікір бөліседі В.Молотов-Лучанский. ? Әлемдік дағдарыстың республика экономикасына, оның азаматтарының тұрмысына кері әсерін еңсеру үшін үлкен күш жұмсалып жатқанын біз іс жүзінде көріп отырмыз. Қаржыны сауықтыру және қоғамға ауырлық түсірмеудің барлық мүмкіндіктері толық жасалып жатыр деп есептеймін». Ұлттық-мәдени орталықтың төрағасы «қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ретінде, өзінің де міндетін» көріп-біліп отырғандығын атап өтті. «Жолдауда Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты айтылған жолдарды мен ерекше толғаныспен және мақтанышпен қабылдадым. Оның орны ерекше екендігін Президент көріп отыр», - дейді сеніммен В.Молотов-Лучанский. ? Біздер, Қазақстанды өз Отаным деп білетіндер, халық алдында сөйлегенде, бірігіп, уақыт қиындығына қайыспай төтеп бере алатындығымызды сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз керек».
Соңғы жаңалықтар