ҚР Президентінің Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді - ШЫҰ бас хатшысы М.Иманәлиев
сондай-ақ нақты болашақы көрсетуімен жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдаулары арасынан ерекше орын алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауына қатысты өз пікірін осылай бөлісті.
- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Үкіметі мен халқы тұрақты әрі үдемелі қарқынмен алға басып келеді - саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар кезең-кезеңімен жүргізіліп, халықтың өмір сүру деңгей жақсарды, Қазақстанның халықаралық беделі артуда.
Ел басшылығының халықаралық қаржы дағдарысының салдарларын жою үшін қолға алған шаралары жемісті нәтижелерін көрсетті.
Қазақстан халқына арналған Жолдауда азаттық алған жылдан бастап ел дамуының жетістіктері аталып өтілуімен қатар, болашақтағы экономикалық және әлеуметтік қайта жаңғыру бойынша нақты міндеттер де анық айтылғандығы ерешге маңызға ие болып отыр.
Менің ойымша, осы жоспарларды жүзеге асыру ортақ экономикалық және саяси тұрақты кеңістік құру жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында атқарылатын жұмыстарға да толық сәйкес келеді.
Осы ретте Жолдауда Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайту үшін барлық күшті жұмсау керектігі туралы Қазақстанның шешімі де аса маңызды.
Белгілі болып отырғандай, Қазақстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мерейтойлық 2011 жылы төрағалық етіп, аса құрметті әрі жауапты миссияға ие болды. Қазақстан төрағалығының шарықтау шегі ұйымның 10 жылдығына орай 2011 жылдың маусымында Астанада өтетін ШЫҰ Саммиті болмақ.
Менің пайымдауымша, Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі ШЫҰ 10 жылдық кезең ішінде қол жеткізген жетістіктерін тек нығайтады, ол өңір елдерінің одан әрі үдемелі дамуына да көмектесетін болады.
Сөз соңында Қазақстанның жан-жақты қайта жаңғыруы үшін алға қойған жоспарларының барлығы ойдағыдай жүзеге асырылсын деген тілегімді айтқым келеді -, деді ол.