ҚР Президентінің Жолдауы уақтылы жарияланған және өзекті мәселелерді қамтыған - Испания Сенатының бірінші вице-спикері

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауы уақтылы жарияланған құжат. Онда геосаяси аспектілер назарға алынып, Қазақстан үшін өзекті мәселелер қозғалған.
None
None

Испания Сенатының бірінші вице-спикері Хуан Хосе Лукас Хименес осындай пікір білдірді.

"Алдымен Жолдауда экономиканың қалыпқа келуімен байланысты жағдай, тіпті әлемдік экономика дағдарысының Қазақстанға да әсер етуі туралы жазылған.

Сондай-ақ, ШОБ субъектілеріне жеңілдетілген несие беру үшін қомақты қаржы бөлу шешімі орынды әрі уақтылы деп ойлаймын. Банк секторын ұйымдастыру, жаңа инвестицияларды тарту, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру да маңызды", - деді Хименес.

Президент 2015-2017 ж.ж. жыл сайын Ұлттық қордан 3 млрд. долларға дейін қаражат бөлінетіні туралы және ол қатаң бақыланатыны жайлы айтты.

Бағдарлама барлық маңызды салаларды қамтыған.

"Қорыта айтқанда, Жолдаудың саяси және әлеуметтік тұрғыда мазмұны бай, маңызы зор", - деп түйді ойын Хуан Хосе Лукас Хименес.

Соңғы жаңалықтар