ҚР Президентінің Жолдауында нақты тарихи тұжырым және болашақ пайымы көрініс тапқан - Мәскеудегі «дөңгелек үстел»

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі және әлеуметтік хал-жайының жақсаруы Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі мақсаты болып табылады.
None
None

Бұл туралы Мәскеуде «Жаңғыртылған стратегиялар: Қазақстан мен Ресей тәжірибесі» атты тақырыпта өткен «дөңгелек үстелде» ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко айтты.

Пікірсайысты аша отырып, парламентарий Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылы әлемдегі 30 бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру - маңызды міндетін алға қойғанын атап өтті. Бүгінгі «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы ерекше сипатқа ие.

«2014 жылдың құжаты «Қазақстан - 2050» стратегиясында айтылған елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асырудың нақты бағыттары мен кезеңдерін белгілеп берді, - деді С. Дьяченко. - елдің әл-ауқатының өсуі, әлеуметтік хал-жайының жақсаруы бағдарламалық құжаттың негізгі мақсаты болып табылады».

РФ-дағы Қазақстан Елшісінің кеңесшісі Виктор Темірбаев өз сөзінде бұл Жолдаудың ел үшін ерекше стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Жолдау саяси бағыттың ұзақмерзімділігін, сондай-ақ елдің орнықты дамуға қол жеткізу алгоритмін айқындап берді. «Қазақстанда бірегей тәжірибе және ең бастысы, табиғи дарын бар. Осының бәрі «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басты ұранына қисынды жымдасып тұр», - деді дипломат.

РФ-дағы ҚР Елшілігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған іс-шара М. Ломоносов атындағы ММУ АТО жәрдемдесуімен «Парламент газеті» басылымының баспасөз орталығында өтті.

Соңғы жаңалықтар