ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері жария етіледі - Қ.Тұрғанқұлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі апта ішінде ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері жария етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слободамен кездесуі барысында мәлім етті.
None
None

Кездесу барысында ОСК төрағасы ҚР Президенттігіне үміткер ретінде 3 кандидаттың тіркелгендігін әрі олардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кіріскенін айтты. Сонымен қатар ол әрі кандидатқа мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен үгіт жұмыстарына 7 млн. теңгеден бөлінгендігін, барлық кандидатқа бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділік жасалғанын хабарлады. «ОСК шарт жасасу арқылы мамандарды жалдауда және біздер кандидаттарымыздың үгіт жұмыстарына мониторинг жүргізудеміз. Дегенмен, оның нәтижелері келесі аптаның ортасында дайын болып қалатын шығар», - деді Қ.Тұрғанқұлов. Сондай-ақ ОСК төрағасы қазіргі уақытта кезектен тыс президенттік сайлауды байқау үшін отандық 2 қоғамдық ұйымның тіркелгендігін атап өтті.«Олар: «Қазақстан Республикасындағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» мен «Заңгерлер әділ сайлау үшін» ұйымы», - деді ол. Өз кезегінде Е.Слобода алдағы сайлауды табысты өткізуге тілек білдіріп, қазақстандық тараптың байқауды ұйымдастыруға және өткізуге барлық қажетті жағдайлар жасағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар