ҚР СІМ басшысы Е. Ыдырысов жұмыс сапарымен ҚХР-ға барды
Бұған дейін ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлағандай, еліміздің сыртқы саяси ведомство басшысы Ерлан Ыдырысовтың ҚХР-ға сапары барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық аспектілерді, сонымен бірге, БҰҰ аясындағы ынтымақтастықты талқыға салады. Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы сапарының бағдарламасындағы алғашқы шара ретінде оның Қытай халықаралық зерттеулер институтында Қытайдың ғылыми және сарапшылар алдында сөз сөйлеуі жоспарланған. Кейін ҚР СІМ басшысы ҚХР СІМ министрі Ван И және ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчаомен кездеседі. Бейжіңде ҚР СІМ ҚХР-да тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізеді. Онда Е. Ыдырысов сөз сөйлейді деп күтілуде. Одан соң министр қазақ ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіштің ашылуына қатысады. Аталған шара сәрсенбі күні Бейжіңде өтеді.