22:43, 04 Маусым 2014 | GMT +5
ҚР СІМ басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі аясында экономикалық өзара іс-қимылды күшейтуге шақырады
БОДРУМ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі аясында экономикалық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынады. Мұндай пікірді ол бүгін түркітілдес мемлекеттер Сырты істер министрлері кеңесінде білдірді, деп хабарлайды Бодурмнан ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабеков.
«Біздің Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастығымызға әлемдік қоғамдастық назар аударып отыр. Кеңес жұмысы басқа да түркітілдес мемлекеттер үшін тартымды бола түсуі үшін біздерге оның экономикалық құрамдас бөлігін күшейту қажет», - деді Е.Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитінің басты тақырыбы туризм екендігін де баса атап өтті. «Саммит жұмысының қорытындысы бұл саладағы ынтымақтастықты белсенді дамыту үшін жаңа мүмкіншіліктер беретіндігіне сенімдімін», - деп түйіндеді сөзін министр.