ҚР СІМ басшысы және ҚХР төрағасының орынбасары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Бейжіңде ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчаомен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қос тарап саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары мен ШЫҰ қатысу мәселелерін талқылады.

«Атап өту керек, Қазақстанмен шектесетін аймақтың еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан біздің елдерде ынтымақтастықты дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша маңызды мүдделер бар. Біз ортақ мүдделерімізді байқап, оны кеңейтуге ниеттіміз», - деді Ли Юаньчао кездесу барысында.

«Біздің қарым-қатынасымыз бен стратегиялық бағыттарымыз бойынша бағаларымыз сіздермен сәйкес келеді», - деді өз кезегінде ҚР СІМ басшысы.

Ары қарай кездесу жабық түрде өтті.

Ресми деректерге сай, ҚХР Қазақстан үшін инвестиция жағынан маңызды 20 елдің қатарына енеді әрі тікелей инвестициялар салу бойынша көшбасшылардың бірі (2005 жылдан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін - 10,3 млрд. АҚШ доллары) болып табылады. Қытай инвесторларының үлесі -Қазақстанда жүзеге асып жатқан құны 17 млрд. АҚШ долларынан асатын 20 жоба. Соңғы 3 жылда екі ел арасындағы тауарайналым 75 млрд. астам АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 2013 жылы ол 28,5 млрд. АҚШ доллары болған.

Соңғы жаңалықтар