ҚР СІМ Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға кеңес берді

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға бармаулары жөнінде ескертіп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

«Кеше, бүгін Мысырдағы жағдай сәл тұрақтана бастаған секілді. Соған қарамастан, ондағы ахуал күрделі болып қалуда. Сондықтан біздің азаматтарға Мысырға әзірше бармауға ұсынамыз», - деп атап өтті ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің туристік компаниялары азаматтарды Мысырға жібермеуде. Сонымен қатар А. Әбдірахманов, аталған елде қалған студенттер саны бүгінде көп емес екенін және олар Каирде қалатындықтарын хабарлағанын айтып өтті.

«Біздің Каирдегі елшілігіміз қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Ал, онда 12 қызметкер қалған болатын. Атап айтқанда 7 дипломат, қалған 5 техникалық қызметкер. Біздің дипломаттар Мысырда түрлі себептермен қалған азаматтармен байланысып шықты», - деді ресми өкіл.

А. Әбдірахмановтың айтуынша, олардың көбі осы жағдайға қарамастан Мысырда қалуды таңдап отыр. Және осы жайында елшілікке хабарлаған көрінеді. «Мысырда қалған азаматтармен Қазақстан елшілігі ұдайы хабарласып тұрады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар