ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына таяу арада ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне сапар шегуден бас тартуды табанды түрде ұсынады

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде ҚХР-дың Шынжаң-Ұйғыр автономикалық өлкесіндегі жағдай толығымен Қытай басшылығының бақылауында,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үрімші қаласында төтенше жағдай енгізіліп, адамдар мен көліктер қозғалысына шектеу қойылған. Интернет және басқа да байланыс арналары өз жұмыстарын тоқтатты. Халықтық қарулы полиция бөлімшелері және әскерилер көшелерді бақылауда ұстауда. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер жұмыстарын тоқтатты. ШҰАӨ үкіметі тәртіпке шақыру туралы мәліметтер таратуда.

Осы жағдайларды ескере отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жақын арада ҚХР ШҰАӨ-ге сапар шегуден бас тартуды табанды түрде ұсынады. Сонымен қатар, қазақстандық тарап ШҰАӨ-ге барғысы келген ҚР азаматтарына Қытайға виза беруді уақытша шектеу туралы мәлімдеді.

Қолда бар алдын-ала деректер бойынша ШҰАӨ-дегі Қазақстан азаматтары зардап шекпеген.

ҚР СІМ Төлқұжат-виза бөліміне ШҰАӨ-де болуы мүмкін қазақстандық азаматтардың орналасқан орнын тыңғылықты іздестіруді қосымша тапсырды.

ҚР СІМ КҚД-де туыстарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды үйлестіруге арналған «шұғыл желілер» (72-04-68, 72-04-74) жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар