ҚР СІМ Н.Назарбаевтың БҰҰ-ға бағыттаған құжаттарын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Твиттердегі парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған, Біріккен Ұлттар Ұйымына бағытталған құжаттарды жариялады.
None
None

«ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Тәуелсіз Қазақстан мен Президенттің халықаралық аренадағы алғашқы қадамдарын еске түсіруді жөн көрдік. Назарларыңызға Қазақстан Республикасының әлемдік саяси аренада халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде енуіне негіз салған құжаттарды ұсынамыз», делінген суреттерге берілген жазбада.

Мемлекет басшысының қолы қойылған, 1991 жылы 31 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас хатшысы Перес де Куэльяр атына бағытталған құжаттар - Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы өтініші және Қазақстанның БҰҰ Жарғысында көрсетілген міндеттемелерді қабылдауы туралы Декларация болып табылады.

Соңғы жаңалықтар