ҚР СІМ өкілдері Америка мемлекеттері Ұйымы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты
Іс-шараның ашылу күні қазақстандық делегация басшысы Парагвай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф.Гонсалеспен кездесті. Тараптар екі елдің халықаралық күн тәртібінің, соның ішінде теңізге шығатын жолы жоқ мемлекеттер тобымен бірлескен жұмыс аясындағы бірқатар мәселелері бойынша ұстанымдарымыздың жақындығын растады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Е.Ашықбаев пен Ф.Гонсалес саяси кеңестер орнату туралы Меморандумға қол қойып, екі ел арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі Келісім орнату жөнінде жұмыстарыды бастауға уағдаласты.
АМҰ Бас хатшысы Х.Инсульспен кездесуі барысында тараптар ҚР мен Ұйым арасындағы өзара ықпалдастықтың соңғы жылдары белсендене түскенін атап өтіп, әрі қарай ынтымақтастықты нығайту бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ, Х.Инсульса жақын уақытта Астанаға келуге қызығушылық танытты.
Америка мемлекеттері Ұйымының мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің алдында сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның аймақтағы елдермен байланыстарының іс жүзінде нығаю болашағы жайында айтып берді.
Жалпы, Бас Ассамблея алаңында Е.Ашықбаев АМҰ мүше мемлекеттері делегацияларының басшыларымен 25 кездесу өткізді, атап айтқанда Мексика, Доминикандық Республика, Эквадор, Уругвай, Коста-Рика, Багам, Ямайка, Колумбия, Гренада, Гайана, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадин, Никарагуа, Суринама және т.б. мемлекеттердің делегация басшыларымен кездесті. Саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан кандидатурасын 2017-2018 ж.ж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне тарту, сонымен қатар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерімен визалық режимді жеңілдету күн тәртібінің негізгі мәселелеріне айналды.
АМҰ - америка континетінің 35 мемлекетін біріктіретін ірі аймақтық ұйым. Қазақстан 1996 жылдан бері Ұйымның тұрақты бақылаушысы болып табылады.