ҚР СІМ Ресейде апатқа ұшыраған байкер Петрухиннің жағдайы туралы айтып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейде апатқа ұшыраған қазақстандық жиһанкез байкер Дмитрий Петрухиннің жағдайы туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлім етті. 
None
None

Министрліктің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында Дмитриймен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Оның айтуынша, дәрігерлер байкердің қабырғасы сынған болуы мүмкін деген.

«Дмитриймен телефон арқылы сөйлестік. Жағдайым қалыпты деді. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының қабырғасы сынып кеткен болуы мүмкін. Қазір қажетті анализдер тапсырып, рентгенге түсіріп жатыр. Аруханадан шыққан соң саяхатын жалғастырмақ ойы бар. Барлық дипломаттарға, ҚР СІМ көмегіне алғыс білдірді», - деді Әнуар Жайнақов жазбасында.

Жол апаты бүгін Красноярск қаласынан 50 шақырым жерде болған.

Қазақстандық байкер Дмитрий Петрухиннің мотоциклі жөнделіп жатқан асфальтта сырғып кеткен.

Соңғы жаңалықтар