ҚР СІМ: Сингапурдың ЕАЭО-мен Еркін сауда аймағын құру бастамасы талқыланды (ФОТО)
Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов, сингапурлық тарапты - Сингапурдың СІМ хатшысының орынбасары Нг Тек Хин бастады.
Консультациялар барысында екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен Еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасу бойынша Сингапурдың бастамасы талқыланды. Халықаралық және өңірлік күн тәртібі өзекті мәселелерінің кең шеңбері бойынша, оның ішінде Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігінің басымдықтары бойынша пікір алмасу орын алды.
Іс-шара барысында сингапурлық тарап арал-мемлекеттің Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған Сингапурдың Премьер-министрі Ли Сянь Лунның хатын табыстады.