17:37, 14 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР СІМ Тараздағы лаңкестік әрекеттердің салдарынан мерт болған полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сыртқы істер министрлігі Тараздағы лаңкестік әрекеттердің салдарынан мерт болған полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.
«Бүгінгі баспасөз мәслихатымыздың алдында ең алдымен, Таразда орын алған қайғылы оқиға салдарынан қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан өзіміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып, шын пейілмен көңіл айтамыз», - деді бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте.
Сондай-ақ ол өз сөзінде «Экстремизм мен терроризмның кез келген көрінісіне қарсылық білдіре отырып, бұл қылмыстарды кесімді түрде кінәлаймыз. Аймақтағы елдер мен халықаралық қоғамдастық бұл қылмыстардың кез келген көріністерімен бірлесе отырып, күресу шараларын жандандырып, күшейтуі тиіс», - деп атап көрсетті Алтай Әбибуллаев.