ҚР СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдемесін жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдемесін жария етті.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда.

Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз.

Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Карабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобының күш-жігерін қолдай отыра, жанжалды тек қана бейбіт жолмен шешу қажеттілігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз», делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасы Таулы Карабақ мәселесінің пәтуалық шешімдерін іздеу үдерісін жандандыра түсуді жақтайды және жанжалды реттеуде ілгері жылжу үшін мүдделі тараптардың сындарлы көзқарас танытатынына сенім артады», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар
telegram