ҚР СІМ: Визасыз режімді енгізуге байланысты Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз өткендер саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режімнің енгізілуіне байланысты заңсыз пайда табуды көздеген қазақстандықтар саны артты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
None
None

«Визасыз режім енгізілген кезде Кореяға заңсыз пайда табу үшін барған азаматтар саны көбейген. Біздің елшіліктің деректеріне сәйкес олардың көбі - елдің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары, негізінен этникалық өзбектер», - деп атап өтті Ә. Жайнақов.

Осыған байланысты корей билігі елге шетелдіктердің, оның ішінде ҚР азаматтарының өтуіне бақылауды күшейтті.

«Ә. Жайнақовтың айтуынша, Оңтүстік Кореяға бет алған әр рейсте 5-10 қазақстандық болған. Олар көбіне сапар мақсаты жайлы дәйексіз немесе толық емес ақпарат берген.

Корей тарапының деректерінше, Кореяде тіркелген 6900 Қазақстан азаматының 1580-і заңсыз мигрант болып табылады».

Еске салсақ, бұдан бұрын 10-нан астам қазақстандық туристерді үш күн Сеул әуежайының жертөлесінде ұстаған. Қазір олар елге қайтарылды.

«Кез келген егеменді мемлекет шетел азаматтарына өз аумағына кіруге рұқсат беру туралы шешімді дербес қабылдауға құқылы және өз еліне өткізбеу себебін түсіндіруге міндетті емес», - деп қосты ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Сондықтан, ведомство шетелге шығатын азаматтардан шекаралық бақылаудан өту тәртібін алдын ала зерделеп, сапарының мақсаты мен сипаты туралы толық, дәйекті ақпарат беруін сұрайды.

«Сондай-ақ осындай жағдайға тап болған ҚР азаматтары оларға сол елде Қазақстан консулымен байланысу мүмкіндігін дереу ұйымдастыруды талап ете алатынын ескертеміз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар