ҚР СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеген. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров хабарлады.

ҚР СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ

«Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарымыз туралы хабар түскен жоқ. Қазақстанның консулы Жапония премьер-министрінің кеңсесінде құрылған дағдарыстық штабпен байланыс орнатып, хабар алысып отыр», - деді А.Смадияров.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан үш адам көз жұмды. Хонсю аралының оңтүстік-батысының өзге аудандарында зілзаладан 40 адам әртүрлі жарақат алған.