ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген азаматтарына ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасы мен Израиль Мемлекетінде жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, аталған елдердің билігі қабылдаған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырады.

ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мемлекеттердің астаналарында (Тегеран және Тель-Авив қалаларында), сондай-ақ Горган мен Бандер-Аббас қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, отандастарға жан-жақты қолдау көрсетіп оытр.

Сыртқы істер министрлігімен және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен жедел байланыс телефондары:

Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Тегеран қаласы Даррус, Хедаят көшесі, 83 үй.

Қазақстанның Горгандағы бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 3401 (Whatsapp);
Мекенжайы: Горган қаласы Едалат-97 көшесі, Мина аллеясы.

Қазақстанның Бандер-Аббастағы консулдығы:
+98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Бандер-Аббас қаласы, Фаджр көшесі, Вальфаджр-1, 7-үй.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі (Тель-Авив):
+972 (3) 503 7885 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+972 53 631 5213 (ұялы телефон, Whatsapp);
+972 55 273 3813 (ұялы телефон, Whatsapp);
+7 700 111 3196 (Whatsapp);
Мекенжайы: Тель-Авив қаласы, Аяркон көшесі, 52А ғимараты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 7172 72 05 00;
Мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31.

Осыған дейін ҚР СІМ Лос-Анджелестегі отандастарға сақ болуды ескерткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар