ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Динара Желдібаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 Динара Желдібаева
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

1996 (бакалавр) және 1998 (магистратура) жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие. Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің Ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасында референт қызметінен бастап, кейін атташе ретінде жалғастырды.

1999-2000 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік департаментінің Баспасөз қызметі бөлімінде атташе болып жұмыс істеді.

2000 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды.

2000-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саясат департаментінде үшінші және екінші хатшы лауазымдарында болды.

2002 жылы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті.

2002-2003 жылдары ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бірінші хатшы, ал 2003-2004 жылдары Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі болды.

2004-2006 жылдары ҚР СІМ Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2006-2008 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді.

2008-2013 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінде ҚР шетелдік мекемелерінің имидждік жобаларын іске асыру басқармасының басшысы болды.

2013-2021 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2025 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші болып еңбек етті. ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметіне тағайындалғанға дейін 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ ресми өкілі болып тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар