ҚР Статистика агенттігі мен Германия Федералдық статистикалық кеңсесі ынтымақтастықты нығайтуда

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық жүйесін нығайту жобасын жүзеге асыру ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының отырысы аясында Қазақстан мен Германия статистикалық ведомство басшылары Ә.Смайылов пен Р.Эгелердің кездесуі өтті.
None
None

Кездесу барысында ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыруды бастау қарастырылды, деп хабарлады аталған ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, әкімшілік деректердің нысандары мен ведомствоаралық есептілікті оңтайландыру мақсатында орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларына ведомствоаралық өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша Германияның тәжірибесі таныстырылды.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыру бойынша ҚР Статистика агенттігі мен Финляндия, Чехия, Словакия, Корея және Ресейдің статистикалық кеңселерінің консорциумын біріктірген негізгі серіктес Германия Федералдық статистикалық кеңсесі арасындағы өзара жұмыстар жоспарын келісу болып табылды.

Отырысқа ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Дүниежүзілік Банк пен Германия Федералдық статистикалық кеңсесінің, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен «ҚР СА ақпараттық - есептеу орталығы» РМК басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар