ҚР Сыртқы істер министрі еліміздегі АҚШ-тың жаңа елшісін қабылдады
![None None](/static/img/plug.webp)
Сратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуына, оның ішінде екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен Б.Обаманың 2010 жылғы сәуірдегі кездесуі барысында қол жеткізілген келісімдердің сәтті жүзеге асырылуына қанағат білдірген тараптар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы өзара іс-әрекетті нығайтуға ниетті екендіктерін тағы бір мәрте қуаттады.
Ауғанстанды тұрақтандырудағы халықаралық күш-жігерге қолдау білдірген Қазақстанға ризашылық білдірген АҚШ Елшісі Астананың ауған студенттерін оқыту сынды бағдарламаларын жоғары бағалады. Сондай-ақ тараптар Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық сауықтыру бағытындағы күш-жігерді кеңейтуге дайын екендіктерін бідірді.
Кездесуден кейін БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқан К.Фэйрфакс: «Біз қазіргі уақытта көптеген салаларда ынтымақтастықта жұмыс істеп, ядролық қаруды таратпаудан бастап Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік сынды бірқатар мәселелерді бірлесіп талқылаймыз. Меніңше, алда біздерді өте жақсы жұмыстар күтіп тұр», - деді.