ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Патрисия Флормен кездесті

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 5 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Қазақстанға жұмыс сапарымен келген, Орталық Азия бойынша ЕО жаңадан тағайындалған арнайы өкілі  Патрисия Флорды қабылдады.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен ЕО-ның Орталықазиялық өңірдегі іс-қимыл мәселелері көтерілген.

Тараптар "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" форматындағы Бішкектегі министрлік кездесуге дайындыққа және ағымдағы жылдың қарашасындағы Шетел істері және қауіпсіздік саясаты бойынша ЕО Жоғарғы өкілі К.Эштонның сапарына ерекше көңіл аударды.

Соңғы жаңалықтар