ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н. Дәненов Женеваға сапар жасайды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 2-сі мен –4і аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненовтің Женеваға сапары өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сапар барысында Н. Дәненов БҰҰ-ның еуропалық бөлімінің штаб пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі адам құқықтары жөніндегі 10-шы сессиясының жоғары деңгейдегі сегментінде баяндама жасайды», - деді бүгін Астанадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.Конференция аясында Н. Дәненовтің БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің басшылығымен және жоғарыдағы сессияға қатысатын шетелдік делегациясының жетекшілерімен кездесулері жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар