ҚР Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі болып Асқар Әбдірахманов тағайындалды.
None
None

Ол бүгін жаңа қызметінде БАҚ өкілдері үшін 2010 жылдың алғашқы брифингін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін менің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі лауазымындағы соңғы жұмыс күнім. 2005 жылғы қазаннан бастап соңғы 4 жылдың ішінде министрліктің баспасөз қызметіндегі әріптестеріммен бірге біз БАҚ өкілдері үшін 170-тен астам апталық және арнайы брифингтер өткіздік. Ол брифингтердің басты мақсаты - Сыртқы істер министрлігінің жұмысын халыққа жеткізіп, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ұстанымдарымен таныстыру болды», деген ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Ержан Ашықбаев Асқар Әбдірахмановты мінберге шақырып, эстафетаны берді.

Осы орайда Е. Ашықбаев : «Ең алдымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Ол Сыртқы істер министрі болып тұрған кезде маған осы төтенше жауапты, әрі қызықты жұмысты сеніп тапсырды», деді. Сонымен қатар, Е. Ашықбаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Марат Тәжинге және Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының қазіргі басшылығына тұрақты қолдаулары үшін алғысын бідірді. Сонымен қатар, Е. Ашықбаев жемісті серіктестіктері үшін журналистер қауымына да ризашылығын жеткізді. «Бұл жұмыста өздеріңізден көп нәрсе үйрендім, талай достар таптым», деді ол журналистерге қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар