ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өзінің сайтында қазақстандықтардың сұрақтарына жауап беруді жалғастыруда

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгінгі интернет-конференцияның тақырыбы ТМРА-ның бақылау функцияларына арналды, оларға ведомство төрағасының орынбасары Балжан Досмұхамбетова түсініктеме берді.
Конференция қатысушыларын мемлекеттік органдардың табиғи монополиялар субъектілеріне тексеріс жүргізулері, тарифтік сметалар бойынша ұсынылмаған есептерге айыппұлдар салу мөлшерлері, агенттік берген нұсқамалардың орындалу мерзімдері және өзге де мәселелер толғандырды.
Мысалға Алексей Константиновичті мерзімді баспасөз басылымында аудиторлық есепті және жылдық қаржылық есептілікті жарияламау бұзушылыққа жататынын не жатпайтынын анықтап беруді сұрады.
Балжан Досмұхамбетова бұл шынында да Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзушылық болып табылатындығын және айыппұл төлеуге алып келетіндігін растады.
Арман есімді конференцияға қатысушы: «Энергиямен жабдықтаушы мекемеге энергиямен жабдықтаушы өзге мекеменің электр энергиясын сатқаны үшін айыппұл салу көзделеді ме?», - деген сауал жолдады.
«Теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу, сату жағдайларын қоспағанда энергиямен жабдықтаушы мекеме энергиямен жабдықтаушы басқа мекеменің электр энергиясын әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс сомасынан 100% мөлшерінде айыппұлға алып келеді», - деп жауап берілді оған.
Автор Коновалов: «Агенттіктің жоспарлы тексеріс жүргізуіне қандай негіздер жатады және ол жоспарға менің енгізілгендігімді қалай білуге болады?» - деп жазған.
Ведомство басшысының орынбасары, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жоспарлы тексеру тағайындауға уәкілетті мемлекеттік орган тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шаралары нәтижелерінің негізінде бекіткен жоспар негіз болып табылатындығын айтты. Жоспарлы тексерулерді жүргізу жоспары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында жарияланады.
ТМРА төрағасы орынбасарының толық жауаптары - www.arem.kz сайтында орналастырылды.