ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы қызметіне С.Төрегелдин тағайындалды
Жаңа басшыны бүгін Қарағанды облысы әкімдігінде өткен кеңесте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Тариф саясаты балансының сақталуы негізгі міндет болып табылады, деп атап өтті ол. «Ең бастысы - тұтынушыларды қорғау. Сондай-ақ сапалы қызмет көрсететін кәсіпорынның басқа да қырлары бар», - деді ол.
С.Төрегелдин Қарағанды политехникалық институтын, Алматыдағы жоғары партия мектебін, Қарағанды мемелекеттік университетін тәмамдаған. Сәтпаев қаласының әкімі болған. Соңғы бес жыл ішінде Қарағанды облысының монополияға қарсы комитетін басқарған. 2003-2008 жылдар аралығынлда ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы болып жұмыс істеген. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.