20:16, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс тұтынушыларына 24 миллионнан астам теңгені қайтарды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2008 жыл ішіндегі департамент жұмыстарының қорытындыларына және 2009 жылға арналған стратегиялық міндеттеріне байланысты БАҚ үшін баспасөз мәслихатын өткізді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында «Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер жөнінде түсініктеме берілді.ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Алма Қыпшақбаеваның айтуынша, департамент 62 реттелетін қызмет көрсету бойынша табиғи монополиялардың 46 субъектісінің қызметтерін реттейді.«Өткен кезең ішінде департамент 22, оның ішінде ҚР Агенттігінің тапсырмасымен ? 4 тексеру өткізді, тұтынушылармен 24 млн. 180 мың 470 теңге соманың қайта есептеуін жүргізді, 12 млн. 497 мың 600 теңге соманың әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 қаулысы шығарылды. Бюджетке түскен айыппұлдардың жалпы сомасы 12 млн. 383 мың 600 теңгені құрады.