ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: Ақмола облысынан шыққан автокеруен Павлодарға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі аясында Ақмола облысынан шыққан автокеруен бүгін Павлодарға келіп жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

"Ұлы дала азаматтары" деп аталатын акцияны «Генералдар кеңесі»  қоғамдық бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және интернационалист-жауынгерлер Қазақстан бойынша бірлесіп  ұйымдастырады.

- Алматыда өткен «Біз - жеңістің ұрпағымыз» атты акцияда жапондықтар Волоколамск тас жолында болған шайқасты зерттегендерін айтады. Қазақстандық дивизия  сол жерде жаудың Мәскеуге кіруіне жол бермеген. Бүгінде Бауыржан Момышұлының  ерлігіне тәнті болған  Израиль, Куба елдерінің әскерлері батырдың  соғыста қолданған тактикасын  зерттеуде.  Өскелең ұрпақ үшін  маңызы зор мұндай акция жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарында ұйымдастырылады.  4 маусым күні  Ақмола обысынан шыққан автокеруен Екібастұздан Павлодар қаласына келіп, әрі қарай Шығыс Қазақстан облысына бет алады. Соңғы нүкте  Астана қаласы болмақ, - дейді Павлодар қалалық ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Шарапатов.

Айта кетерлігі, «Мәңгілік Ел» патриоттық акті аясында жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайту, қазақстандық жауынгерлердің батылдығын насихаттау  мақсатында  Даңқ ескерткіші алдында Мәңгілік алауға салтанатты түрде гүл қою рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар