18:52, 13 Ақпан 2016 | GMT +5
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «Отан дауысы» халықтық аспаптардың фестивалі өтті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «Отан дауысы» халықтық аспаптардың фестивалі өтті.

Фестивальге аудандағы ауылдық елді мекендердегі көркемөнерпаздар және Есіл қаласындағы музыкалық мектеп оқушыларынан құралған 25 астам музыкант қатысып, домбыра және баян тәрізді музыкалық аспаптар арқылы өз өнерлерін паш етті.
Қатысушылардың ең жасы Ислам Бақтыбек 7-де болса, үлкені Қадыр Жамышев 55 жаста.
Музыкалық аспаптар әр халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өмірге деген көзқарасын білдіретін теңдессіз рухани және мәдени байлығы болып табылады.